Алтай Көлгінов Елена Рыбакинамен кездесті

Алтай Көлгінов Елена Рыбакинамен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Уимблдонда жеңіске жеткен Елена Рыбакинамен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елена Рыбакина. Әлемдік аренада теннистің жаңа жұлдызы жанды. Бүгін Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жеткен теннисшіміз Елена Рыбакинамен, Теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польскиймен, қалалық әкімдікке қарасты «Дәулет» МКҚК директоры Дина Темірғалиевамен кездестік.

Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, жаттықтырушыларды даярлау, салауатты өмір салтын насихаттау проблемалары талқыланды. Мәселен қалада үлкен теннистен оқу-жаттығу сабақтары өтетін 5 спорт орталығы бар.

Сол сияқты инклюзивті топ бар. Осыған дейін спортшыларға арнап бас-аяғы 115 грант бөлінді. Гранттар саны көбейтіледі, сондай-ақ қажетті жабдықтармен көмектесуді жалғастырамыз. Осы жылдың 5 айында тәрбиеленушілер халықаралық және республикалық турнирлерде бас-аяғы 35 медаль жеңіп алды.

Елена Рыбкинаның жеңісі спортшыларымызға ерекше ынта беріп, еліміздегі үлкен теннистің дамуын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалар мен ересектерді бұқаралық спортқа жұмылдыру үшін тиісті жағдай жасау бойынша жұмыс істейміз, балалар мен жасөспірімдер спортын, федерацияны қолдаймыз.

Елена Рыбакинаны, оның командасын, жанкүйер қауымды үлкен жеңісімен кезекті рет құттықтаймын!» - деп жазды елорда әкімі.

 

Фото: Александр Куприенко