
Бүгін, 6 шілдеде елордада қала күнінің 24 жылдығына арналған ондаған іс-шаралар өтіп жатыр. Астана күнінде кезекте тұрғандар, жұмыс істейтін жастар, үлескерлер де пәтер кілттерін алады. Сондай-ақ, бірқатар әлеуметтік нысандар мен 100-ге жуық аула және қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, скверлер, бульварлар) құрылысы аяқталуда, индустриялық паркте екі зауыттың жұмысы іске қосылды, күрделі жөндеуден кейін "Алаш" көпірі ашылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Осылайша, "Creative Summer" жобасы әр демалыс сайын 12 маусымнан бастап ескі алаңдағы жазғы амфитеатрда жұмыс істейді. Күндізгі бағдарлама 14:00-де басталады және балаларға арналған ойын-сауық бағдарламаларын, флеш-мобтарды, аниматорлардың қойылымдарын қамтиды.
Бұдан басқа," Creative Summer" жобасы шілде айында "Есіл" өзені жағалауының жаяу жүргіншілер бөлігінде екі көпір бағыты бойынша: Атыраулық "Самал" шағын ауданына қарай және Целиноград көпірі Орталық мәдениет және демалыс саябағының басты кіреберісіне қарай, жаяу жүргіншілер көшесінде "Demalys Promenade" арнайы бағдарламасын ашады.
Бұл күндері қалада 12:00-ден 22:00-ге дейін елордалық Мәдениет және демалыс саябағында жұмыс істейтін "Mereke Street" фестивалі өтуде. Фестиваль қонақтарына суретшілер, көше музыканттары, халық ұжымдары мен әртістер өз өнерін көрсетеді.
"Думанды Астана" концерттік бағдарламасы қазір Үркер, Железнодорожный, Көктал, Өндіріс тұрғын үй алаптарында да өткізіліп жатыр.
Кешке сағат 19:00-де Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының ("QAZAQSTAN" ОКЗ) үлкен залында "Далам менің" мерекелік концерті өтеді.
Сағат 18:00-де "Астана Арена" стадионының көлік тұрағында "Халықпен бірге" Open air-ге баруға болады. Концертке қатысатын әртістердің құрамы жас ерекшеліктеріне, музыкалық талғамына және барлық көрермендердің талғамына қарай ұйымдастырылды. Мерекелік көңіл-күйді Дос, Маржан Арапбаева, Мөлдір Әуелбекова және Әлішер Кәрімов, Ержан Максим, Abdr, Садраддин, Ninety One, Raim және Moreart сынды танымал орындаушылар сыйлайды.
Бір сағаттан кейін Президенттік саябақтың Амфитеатрында оркестр өнер көрсетеді деп күтілуде.
Сағат 21:00 – де Есіл жағалауындағы амфитеатрда Ұлықпан Жолдасов "Ақ қанат-ақ құсым" музыкалық бағдарламасымен өнер көрсетеді.
Фото: Александр Куприенко