Науқастар қатары көбейіп келеді: астаналықтарды эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауға шақырды

Науқастар қатары көбейіп келеді: астаналықтарды эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауға шақырды

Осы жылдың маусым айының үшінші онкүндігінен бастап елордада коронавирустық инфекция жағдайларын тіркеу бойынша өсім байқалады. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық жағдайдың нашарлау себептері туралы айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ол коронавирус ауруының негізгі өсу себептері тұрғындар арасында бұрын айналымдағы "Омикрон" штамының жандануы және вирустың таралуы үшін оңтайлы жағдайдың болуымен байланыстырды, атап айтқанда халықтың иммундық қабатының төмендеуі әсерінен жазғы демалыстың басталуына байланысты туристік ағынның ұлғаюы.

«Егер аурудың күрт төмендеуі кезеңінде (наурыз – маусымның алғашқы 20 күні) оқшауланған жағдайлар тіркелген болса, қазіргі уақытта саны 55-ке жетеді және аурудың тәуліктік көрсеткіші 5-7 есе артады (ең жоғары тәуліктік тіркеу 30 маусымда тіркелді). Тиісінше, маусым айында сырқаттанушылық деңгейі өткен айдың көрсеткішінен 3,3 есе асып түсті», – деді елорданың санитарлық дәрігері.

Осы жылдың маусым айында елордада 269 науқастың 169-ындв немесе 69%-ында COVID-19-ға иммунитеттің жоқтығын анықтады, олар екпе алмаған.

Вакцинация алған 88 адамның 85-інде немесе 96%-ында 2 дозаны қабылдағаннан бері 6 айдан астам уақыт өтті және науқастардың тек 4,4%-ы, яғни 12 адам ғана ревакцинация қабылдаған.

Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті қала тұрғындарын эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауға шақырды, мысалы қолды тазалау, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адам көп жиналатын орындарда бетперде тағу және вакцинациядан толық өту, ревакцинация және бустерлік дозаны алу.

«Сырқаттанғандар бойынша статистикаға назар аударсақ, ауырғандар арасында үлкен үлес вакцинацияланбаған азаматтарға тиесілі. Тек жұмыла және жауаптылықпен біз ұжымдық иммунитетті қалыптастыра аламыз, осылайша инфекцияның қоғам арасында одан әрі таралуына жол бермейміз», – деп атап өтті Сархат Бейсенова.