Нұр-Сұлтанда Астана күніне арналған «Mereke Street» фестивалі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда Астана күніне арналған «Mereke Street» фестивалі өтіп жатыр

Астана күнін мерекелеуге арналған «Mereke Street» фестивалі 4-6 шілде аралығында сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орны, іс-шаралардың қолжетімділігі және кез-келген жастағы адамға арналған формат – фестивальді тартымды ете түседі.

Медитация әуесқойлары үшін ертеңгілік йога сабақтарынан басталады. Фестиваль алаңында көптеген суретшілер, көше музыканттары, топтар мен әртістер өнер көрсетеді. Іс-шара аясында суретшілер мен би топтары арасында жарыстар ұйымдастырылды. Көше өнерін сүйетіндер үшін суретшілерге арналған жабдықталған орындар ұнайтыны сөзсіз, онда олар өз шеберліктерін көрсетеді. Отандық және жақын шетел дизайнерлерінің сән көрсетілімі де мерекенің көркін қыздырып, көрермендердің көңілінен шығары анық. Саябақта жұртшылыққа ыңғайлы болу үшін гамактар мен пуфтар орнатылған. Спорт сүйер қауым үшін «Барыс» хоккей клубының танымал хоккейшілері, сондай-ақ «Астана» ФК футболшылары мен «Астана» БК баскетболшылары шақырылды. Олар қолтаңба сессиясын өткізеді.

Саябақта танымал суретшілер өнер көрсететін екі сахна бар. Олардың қатарында – Yenlik, Аука, Ербол Нариманұлы, Sharap, Hey Monro және басқалары бар. Ал бүлдіршіндер үшін ойын алаңдары, спорттық эстафеталар, тәтті заттарға арналған жәрмеңкелер және арнайы бөлінген орында отандық мультфильмдер көрсетіледі.