
Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Қазақстан медиа футбол лигасының концерттік бағдарламасымен алғашқы жолдастық шоу-матч 5 шілдеде "Астана Арена" стадионында өтеді. Іс-шара Астана күніне орайластырылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Алаңда құрамында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, UFC күрескері Шавкат Рахмонов, "Ғаламат ғасыр" хикаясының бас кейіпкері Эркан Кестендиль, КТК жоғары лигасының чемпиондары Дидар Ислам, Данияр Жұмаділов, Галатасарай және Бешикташ футбол клубының экс-ойыншысы Джихан Хасполатлы бар жұлдызды командалар кездеседі.
Іс-шараның мақсаты - спортты дамытуға және танымал етуге, сондай-ақ Қазақстанда осы саланың инклюзивті мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ірі мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.
Sparta Astana командасының құрамында Шавкат Рахмонов, Дидар Ислам, Бауыржан Омаров , Ұлан Қонысбаев, Армани Жаналиев, Марселен Камате, Қайрат Нұрдәулетов, Жасын Қанбаев, Дамир Исмагулов, Никита Михайлис, Әділбек Ниязымбетов, Данияр Жұмаділов өнер көрсетеді.
GIMPEXT TURKEY командасын Эркан Кестендиль, Мұстафа Кожабей, Ибрахим Яттара, Беркай Шахин (berkay), Әли Тұран, Ламин Диарра, Джихан Хасполатлы, Metin Uzun, Mustafa Kocabey, Evren Turan, Iamine Diarra ұсынады.
Шоу-матчқа билеттерді tiketon.kz сайтынан сатып алуға болады.