Елорданың «Вечерняя Астана» басылымына БАҚ қызметкерлері күніне орай ҚР Президентінің алғысы жарияланды

Елорданың «Вечерняя Астана» басылымына БАҚ қызметкерлері күніне орай ҚР Президентінің алғысы жарияланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 24 маусымдағы өкімімен елордалық «Вечерняя Астана» газетіне бұқаралық ақпарат құралдары саласында алғыс жарияланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

«Adyrna» ұлттық порталының шығармашылық ұжымына – Қазақстанның дамуының өзекті мәселелерін қамтыған ақпараттық-талдамалық қызметі үшін;

«Ashyq alań» қоғамдық-саяси ток-шоуының шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін;

«Astana» радиосының шығармашылық ұжымына – отандық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін;

«Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына – баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға үлес қосқаны үшін жариялансын.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. - делінген өкім мәтінінде.