«AMANAT CUP»: Нұр-Сұлтанда шахматтан турнир өтті

«AMANAT CUP»: Нұр-Сұлтанда шахматтан турнир өтті

Елордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен балалар мен жастар арасында шахматтан «AMANAT CUP» бірінші республикалық турнирі өтіп, жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Елорданың басты символы – «Бәйтерек» монументінің алаңына турнирдің 200 қатысушысы, халықаралық гроссмейстерлер Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және Дәрмен Сәдуақасов, сондай-ақ көрермендер және шахмат спортының әуесқойлары жиналды.
Турнирге қонақ ретінде еліміздің белгілі шахматшылары қатысып, жиылған қауымға арнап қолтаңба сессиясын өткізді.

Шахматшыларды құттықтау үшін партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова. Сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері келді.

Турнир қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп, өзара үздіктерді анықтады. Турнирдің қорытындысы бойынша «AMANAT CUP» алғашқы жеңімпаздары:

Негізгі:
«Жастар» категориясы бойынша:
1 орын – Константин Казаков;
2 орын – Бақтияр Нығыманов;
3 орын – Талғат Ғұбайдуллин.
«Балалар» категориясы бойынша:
1 орын – Алдияр Ансат;
2 орын – Мадияр Алтынбекұлы;
3 орын – Абуали Ысқақ.

Қосымша жүлделер:
Әйелдер арасында:
1 орын – Диана Қайырбек;
2 орын – Мейіржан Қаратайқызы;
3 орын – Анастасия Перейма.
8 жастағы балалар арасында:
1 орын – Карим Айтжан;
2 орын – Арман Смағұлов
3 орын – Алишер Махфузов.

13-14 жастағы ер балалар арасында:
1 орын – Инаят Болат;
2 орын – Әнуар Тоқбаев;
3 орын – Ернұр Ахмедияр.

13-14 жас қыз балалар арасында:
1 орын – Әлия Асланқызы;
2 орын – Арайлым Аренова;
3 орын – Мадина Момын.

11-12 жастағы ер балалар арасында:
1 орын – Арсен Құмархан;
2 орын – Едіге Рахат;
3 орын – Сауат Нұрғалиев.

11-12 жастағы қыз балалар арасында:
1 орын – Айару Алтынбек;
2 орын – Хати Хадиша;
3 орын – Гүлсезім Исрайыл.

9-10 жастағы ер балалар арасында:
1 орын – Сыздықов Айтуар;
2 орын – Алан Ахметов;
3 орын – Никита Суханов.

9-10 жастағы қыз балалар арасында:
1 орын – Айлин Алеманова;
2 орын – Әдия Шоманова;
3 орын – Альбина Қайырбекова.