
Елорданың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдарды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде қаржыландыруды жүзеге асырады. Бұл туралы ведомствоның басшысы Илья Скуб онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінгі күні қалада өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға стационар, жартылай стационар және үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 8 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.
«Үкіметтік емес мекемелер келесі бағыттар бойынша бөлінген: психоневрологиялық патологиясы бар балалар, аутистік спектрдің бұзылуы бар балалар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар, жалпы аурулары бар бірінші-екінші топтағы мүгедектігі бар және психоневрологиялық патологиясы бар бірінші-екінші топтағы мүгедектер. Бұл мекемелермен жыл сайын шамамен 700 адам қамтылады», - деп түсіндірді Илья Скуб.
Жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ қатарында: «Балам-ай» мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры» ҚҚ (жартылай стационар жағдайында 224 адам қамтылды), «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» ҚБ (үйде күтім көрсету жағдайында 225 адам қамтылды), «Орда» елорданың аутизмі бар балалар ата-аналарының бірлестігі» ҚБ (үйде күтім көрсету жағдайында 282 адам қамтылды), «Erekshe Analar» қоғамдық қоры (жартылай стационар жағдайында 141 адам қамтылды), «Береке Астана» мүгедектер бірлестігі» ҚБ (үйде күтім көрсету жағдайында 139 адам қамтылған), «Күн әлемі» қоғамдық қоры (үйде күтім көрсету жағдайында 59 адам қамтылған), АСТ «Астана әлеуметтік технологиясы» ҚҚ (жартылай стационар жағдайында 99 адам, «Қорғау – Астана» жеке қоры (АСҚ – 6 адам қамтылды. ТЗЗҚ – 21 адам).