
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" республикалық конкурсы аясында жыл сайын "Экологияға қосқан үлесі үшін" номинациясы белгіленеді. Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шаралар мен жобаларды іске асыруда ерекше көзге түскен қала кәсіпорындарын беделді конкурсқа қатысуға шақырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
"Экологияға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша "Парыз" конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 1 маусым мен 1 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Құжаттарды Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Сарыарқа даңғылы, 13 мекен-жайы бойынша қабылдайды.
Қатысушылар үшін міндетті шарттардың ішінде:
- қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша берешектің болмауы;
- ағымдағы төлемдер бойынша берешектің болмауы, барлық деңгейдегі бюджеттерге;
- ұйым тарату немесе банкроттық сатысында болмауы тиіс.
Бұл ретте ірі кәсіпкерлік субъектісінде 250 – ден астам адам, орта – 250 адамға дейін, шағын-100 адамға дейін жұмыс істеуі тиіс.
Отыздан аз қатысушыларды іріктеудің барлық критерийлері туралы мамандандырылған басқармаға хабарласу арқылы білуге болады. Сондай-ақ, Жүсіпов Рустам Кенжебайұлына
+7 7172 55 75 79 телефоны арқылы сұрақтар қоюға болады.