
Ұлы Отан соғысына қатысқан 97 жастағы ардагер Раиса Сафоничева елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында дауыс берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары Конституцияға енгізілген түзетулер бойынша өз дауыстарын берді. Осы мақсатта мекемеде учаскелік референдум комиссиясы құрылып, жұмыс істеп жатыр.
«Дауыс беруге бәрі 100% қатысты. Қызмет алушылардың көңіл-күйі жақсы және бәрі белсенді. Сондай-ақ олар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Бірінші болып және алғаш рет дауыс бергендерге, сол сияқты ҰОС ардагері Раиса Егоровнаға сыйлықтар тарту етілді», - деді «Шарапат» орталығының директоры Асхат Алмабеков.
Естеріңізге сала кетейік, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 305 адам тұрады. Мұнда №235 референдум учаскесі бар.