
Елордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай ЭКСПО көрмесінің аумағында «Менің Елім» мерекелік концерті өтеді.
Шараны «AMANAT» партиясы ұйымдастырады.
Сахнада Роза Рымбаева, Ұлықпан Жолдасов, «Жігіттер» тобы, Айқын, Raim, Қуандық Рақым, V$XV Prince, Садраддин, 2RAR, AKHA, AYREE, Аргоня, Мансұр және Қобыланды, «Алашұлы» тобы, Дана Кентай, Фарида Жолдасова, Зарина Омарова және тағы басқа әншілер өнер көрсетеді.
Концерттің басталуы сағат 18.00-де. Келушілер үшін кіру тегін.