
Халықаралық балаларды қорғау күнінде елордада бес сквер ашылды. Қаланың үш ауданында тұрғындарды тартудың жаңа нүктелері пайда болды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Омаров көшесінде Жас көрермендер музыкалық театрының ғимаратынан Республика даңғылына дейін, сондай-ақ "Sine Tempore" СҮ ғимаратының алдындағы алаңда жаяу жүргіншілер аймағын қайта құру және қоғамдық кеңістікті жайластыру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс қала тұрғындарының отбасылық бос уақытты өз үйлерінің жанында жайлы жағдайда өткізу, астанаға эстетикалық көрініс беру, өмір сүру үшін экологиялық қолайлы жағдай жасау жөніндегі ұсыныстарын ескере отырып жүргізілді.
Қазір бір кездері бос қалған жерлерде заманауи субұрқақтар, ойын-сауық және ойын алаңдары, балалар алаңдары және шағын сәулет нысандары пайда болды.
Қала тұрғындарының демалысы үшін қоқыс жәшіктері бар орындықтар, заманауи дизайн шамдары орнатылды, көгалдандыру жүргізілді.
Елорданың Байқоңыр ауданында бірден үш жаңа сквер ашылды. Олардың бірі Абай даңғылы бойында №53/1 және №57/1 үйлер ауданында орналасқан.
Тұрғындар үшін тыныш, ойын-сауық және ойын аймақтары, балалар алаңдары, отбасылар мен жастарға жайлы уақыт өткізуге арналған аймақтар бар. Учаскенің периметрі бойынша қауіпсіз жабыны бар балалар веложол қарастырылған.
Оның аумағы бұталармен, көгалдармен және гүлзарлармен көгалдандырылған.
Екінші сквер Иманов көшесінде №32, 34 және 36 үйлер ауданында ашылды. Оның негізгі аумағын орындықтар мен қоқыс жәшіктерімен жабдықталған демалыс орындары ұйымдастырылған аллеялар мен жолдар желісімен тармақталған көгалдар мен жасыл сәндік екпелер алып жатыр.
Пушкин көшесі 8 мекенжайында тағы бір қоғамдық кеңістік таныстырылды. Мұнда сіз әдетте фитнес залдарында болатын тренажерлердің барлық түрлерін таба аласыз, тек көше спортына бейімделген. Үлкен жабық шатыр жазда да, қыста да Есіл өзенінің жағасында таза ауада жаттығуға мүмкіндік береді. Жас астаналықтар да балалар алаңында көңілді уақыт өткізе алады, үлкен балалар воркаут аймағында жаттығады, ал ересектер – күркелерде демалады.
"Ең бастысы қолданыстағы ағаштарды сақтау еді, олар мұнда қанша жылдан бері өсіп тұр. Олардың көпшілігі үлкен ағаштар мен көшеттер. Біз тұрғындардың барлық тілектерін ескердік, ағаштардың 100 пайызы сақталды. Қосымша 300 - ге жуық сирень бұталары отырғызылды, олар гүлдеп, иісі шығады",-деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айдын Бегімбеков.
Бүгін № 135 көше ауданындағы Интернациональный тұрғын алабында жаңа сквердің тұсауы кесілді. Мұнда ойын алаңы мен воркаут аймағы ашылды.
Аумақ шағын сәулет пішіндерімен безендірілген, орындықтар, қоқыс жәшіктері және көше шамдары жеткілікті мөлшерде орнатылған.
"Қаланың шетінде тұрсақ та бізге орталықтағыдай жайлы жағдай жасалған. Бұған өте қуаныштымыз. Үлкендерге де, балаларға да жақсы", - деді тұрғын алабының тұрғыны Бақыт Сүлейменова.
Айта кету керек, елорданың барлық қоғамдық кеңістігі ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен халықтың қауқары аз топтары үшін кедергісіз орта құруды ескере отырып жабдықталған.
Жаяу жүргіншілер жолдары мен алаңдардың еңісі ескеріледі, демалыс орындары мен орындықтар қарастырылған. Жаяу жүргіншілер жолдарының сырғанауға жол бермейтін қатты беті бар.