
"Дәулет" теннис орталығы ұйымдастырған Ашық есік күніне 250 бала қатысты. Іс-шара инклюзивті спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
"Іс – шараның басты мақсаты-балаларды спортпен, көңілді және ойын түрінде таныстыру. Бұл балаларды салауатты өмір салтына тартуға мүмкіндік береді, мұның қаншалықты көңілді және пайдалы екенін көрсетеді", - деп атап өтті теннис орталығының жетекшісі Дина Темірғалиева.
Іс-шара бір уақытта үш жерде өткізілді: Дәулет СО (Қордай 6) көше корттарында; Ботаникалық саябақтағы теннис кортында (Орынбор көшесі жағынан); "Көктал" саябағындағы теннис кортында(2-Полигон).
Ашық есік күніне 6-10 жас аралығындағы 250 бала қатысты. Іс-шара бағдарламасында ойын тапсырмалары, эстафеталар, интерактивтер, билер және пайдалы тағамдар болды.