Өзбекәлі Жәнібек көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады

Өзбекәлі Жәнібек көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Өзбекәлі Жәнібек көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 31 мамырынан 16 маусымына дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Рақымжан Қошқарбаев даңғылынан Шалкөде көшесіне дейінгі аралықтағы Өзбекәлі Жәнібек көшесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді қала тұрғындарына бейінді басқармадан.