
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын алғысы келетіндердің тізімін кеңейтті. Осылайша, елордада енді ниет білдірген азаматтардың бәрін екпенің бірінші және екінші компонентімен вакцинациялау белсенді түрде жалғасуда.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екі компонент белгілі бір себептермен шетелге шығатындарға ғана емес растайтын құжаттармен немесе ел аумағында тұратын шетелдік азаматтар да ала алады. Pfizer вакцинациясының қайта курсын алу мен соңғы ревакцинация арасындағы аралық 3-6 айды құрауы тиіс.
Егер адам ревакцинациясыз иммундаудың толық курсынан өткен болса, онда алты айдан кейін қайтадан екі компонентін алуына болады.
Ведомство қазір елде коронавирустың өзге де штамдарының айналымы байқалатынын еске салды, осыған байланысты өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, иммунитетіңізді инфекцияға қарсы вакцинациямен қорғауыңыз керек.
«Осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, скрининг нәтижелері бойынша коронавирустық инфекция штамдарының түрлі нұсқалары айналымда жүргені анықталған. Вирустың жаңа түрі – «стелс-омикрон», ол дельта штамынан гөрі қауіпті, жұқпалы және иммундық жүйені әлсіретуі мүмкін. Біз азаматтарды вакцинаны тезірек алып, вирустан қорғануға шақырамыз. Сонымен қатар қазір Pfizer алуға ниет білдірушілердің тізімі кеңейтілді, вакцина алу үшін барлық жағдай жасалған. Екпенің бұл түрі де өзгелері секілді жеткілікті», - деп хабарлады басқарма.
Естеріңізге сала кетейік, қалада 26 БМСК ұйымы мен Абу-Даби Плаза сауда кешенінде егпе пунктері бар. Америкалық вакцина медициналық ұйымдарда да, СОО-да да қолжетімді.