Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жолды жөндеуге байланысты уақытша жабылады

Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жолды жөндеуге байланысты уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстары басталғанын ескертеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Басқармада қала тұрғындарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауға шақырды.