
Таиландтың Пхукет қаласында өткен ерлер арасындағы халықаралық Thailand Open-2022 турнирінде елордалық ағайынды боксшылар – Айбек Оралбай мен Нұрбек Оралбай алтын медаль алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Thailand Open-2022 турнирінде Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай 81 келіде, Айбек Оралбай 91 келіде өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, аталған халықаралық бәсеке 1-10 сәуір аралығында Тайландтың Пхукет қаласында өтіп жатыр. Бүгінге дейін жарыста еліміздің былғары қолғап шеберлері үш алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды.