
Елордада 16 және 23 сәуірде жалпықалалық сенбіліктер мен ағаш отырғызу өтеді. МИБ-ке (ПИК) аумақтарды абаттандыру үшін көшеттер беріледі. Қаланың барлық кәсіпорындарын, МИБ-терді (ПИК) және жанашыр қала тұрғындарын сенбілікке қатысуға шақырамыз.
Нұр-Сұлтанда күн сайын көшелер мен ашық аумақтарды санитарлық тазалау жалғасуда. Елорданың барлық төрт ауданында қысқы кезеңнен кейін абаттандыру және тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Оған жүздеген коммуналдық қызмет мамандары мен арнайы техникалар жұмылдырылды.
Мәселен, тротуарлар мен асфальт жолдар арнайы техниканың көмегімен тазаланады, ал көгалды тұстар мен басқа да ашық аумақтар қолмен тазаланады. Сол сияқты көпірлер, ескерткіштер, тротуарлар, жол белгілері, қоршаулар жуылады, ал гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстан тазартылады, қоқыс жәшіктері боялады және т.б.
Биыл қаланы көгалдандыру жұмысы ары қарай да жалғасады. Еске сала кетейік, өткен жылы елордада 1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызылды.
Фото: Александр Куприенко