
Елорданың барлық ауданында қысқы кезеңнен кейін абаттандыру және ауқымды тазалық жұмысы жүріп жатыр. Бұл жұмысқа жүздеген коммуналдық қызмет маманы мен арнайы техникалар жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Арнайы техникалардың көмегі арқылы тротуарлар мен жол төсемдері тазаланады. Ал көгалды тұстар мен өзге де ашық алаңдарда қоқыс қолмен тазартылады. Сол сияқты коммуналдық қызмет күштері еріген қар суын арнайы техниканың көмегімен сорып алуға жұмылдырылған.
«Ауа райы жылынған уақыттан бастап Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты санитарлық тазалау жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізуде. Сондай-ақ жол төсемдерін, тротуарларды, жол қоршауларын және шағын сәулет нысандарын жуу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарға 150-ден астам арнайы техника мен 250-ден аса адам жұмылдырылды», - деді Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының өндірістік-техникалық бөлімінің маманы Абай Зайдильдинов.
Еске сала кетейік, сәуір айының ортасында елордада экологиялық айлықтар мен жалпықалалық сенбіліктер басталады.
Осы жұмыс аясында қаланың барлық ауданында әкімдіктердің жауапты қызметкерлері бекітілген кварталдар мен секторларға бөлінген.
ұрғындарды ПИК және МИБ-пен, сондай-ақ бизнес пен мекеме өкілдерін жалпы қалалық сенбіліктерге қатысуға шақырамыз.