Елордалық ҮЕҰ-лар қалай дамып жатыр

Елордалық ҮЕҰ-лар қалай дамып жатыр

Елордалық үкіметтік емес ұйымдар бүгінде қаланы дамытудың маңызды міндеттерін жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс істеуде. 2006 жылдан бастап «Камеда» қоғамдық қоры Азаматтық қоғам институттарының аяққа тұруына және қоғам игілігі үшін өз қызметін дамытуға көмектеседі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Камеда» қоғамдық қоры 2006 жылы құрылды.

«Камеда» қоғамдық қоры Азаматтық қоғам институттарының күшейіп, тұрғындардың өмірі жақсаруы үшін құрылды. «Камеда» немен айналысады? Ең алдымен, бұл – коммерциялық емес ұйымды ашу жолдары, өз идеяларыңыз іске асуы үшін ресурстарды, қаржыны қайдан табу керектігі туралы арнайы оқыту қызметтері», - деді «Камеда» қоғамдық қорының жетекшісі Махаббат Еспенова.

Елорда әкімдігінің қолдауымен 2019 жылдан бастап қор базасында Азаматтық бастамалар орталығы ұйымдастырылды.

«Бұл – қарапайым адамдар, белсенділер, азаматтық қоғам институттары елімізде қандай проблемалар бар және оларды қалай шешуге болатынын талқылауға арналған және бас қосатын орталық. Сонымен қатар, біз Қазақстанның Азаматтық альянсының құрамына кіреміз және өңірлердегі әріптестерімізбен бірге бұл проблемаларды республика, министрліктер деңгейінде көтереміз», - деп қорытындылады ол.