Қонақ үй бизнесі және елорданың туристік секторының өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Қонақ үй бизнесі және елорданың туристік секторының өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Елордада қонақ үй бизнесі және қаланың туристік секторы өкілдерімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қатысушылар туризм саласындағы өзекті мәселелер туралы айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Спикерлер ретінде Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Қарабаева, «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы төрағасының орынбасары Жалғас Молжігіт, «AstanaInvest» әріптестік және MICE іс-шаралар департаментінің директоры Дамир Шаматов және «Қалалық туризмді дамыту орталығы» қауымдастығының атқарушы директоры Татьяна Верницкая сөз сөйледі.

«Біздің қауымдастық 2006 жылы құрылды. Біз қаламызда туризмді дамытумен айналысамыз. Қауымдастық жанында тренинг орталығы бар. Біз онда экскурсоводтарды, қонақ үй қызметкерлерін оқыттық. Бүгінгі кездесу Президенттің «Жаңа Қазақстан» бағдарламасымен байланысты. Біз жаңа Қазақстанды қалай елестетенімізді талқыладық. Мен үшін елорданы келген қонақтарға қалай көрсететініміз, оны өзіміз қалай көретініміз өте маңызды, сондықтан біздің барлық жұмысымыз қонақтармен және тұрғындардың өздерімен тығыз байланысты. Қаламыздың одан да әдемі және дүние жүзіне танымалдығын арттыру үшін бәрін жасағым келеді», – деді Татьяна Верницкая өз сөзінде.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді, сондай-ақ оларды жергілікті жерлерде шешу жолдарын талқылады.