Елорда тұрғындарына көлік салығын төлеу мерзімі аяқталғаны ескертілді

Елорда тұрғындарына көлік салығын төлеу мерзімі аяқталғаны ескертілді

Жеке тұлғалардың 2021 жылға көлік салығын төлеудің соңғы мерзімі – 2022 жылғы 1 сәуір. Көлікке салынатын салық сомасын web-порталдағы kgd.gov.kz калькулятор көмегімен және «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасында дербес есептеуге болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта салық органдары есептеген сомалар «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильдік қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіледі.

Бұдан басқа, бұл ақпарат kgd.gov.kz web-порталында «жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде орналастырылатын болады сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ екінші деңгейдегі банктерінің мобильді қосымшаларында көрсетіледі.

Салық төленбеген жағдайда салық органдары тиісті хабарламалар борышкерлерге жіберілетін болады.

3 063 теңгеден (1 АЕК) асатын берешек сомалары бойынша хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күнінен соң берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрығы қалыптастырылады және борышкерге жіберіледі.

Берешек тапсырылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен соң төленбеген жағдайда салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.

Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салудан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25%-ына дейінгі мөлшерде қосымша төлем өндіріп алады.

Осыған байланысты, артық шығындар мен проблемаларды болдырмау үшін көлік құралдарына салықты уақтылы төлеуге кеңес береміз.