Елордада ауа райына байланысты авариялық-құтқару операцияларын жүргізу кезінде 160 адам құтқарылды

Елордада ауа райына байланысты авариялық-құтқару операцияларын жүргізу кезінде 160 адам құтқарылды

30 наурыз күні таңғы сағат 8.00-ден бастап ауа райының тұрақталуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан автожолдардың барлық бағыты бойынша көлік қозғалысы ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен түнде ауа райының нашарлауына байланысты (боран, екпінді жел, нашар көріну, көктайғақ) елордалық құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп, 35 рет шақыртуға шықты, онда қала және қаланың жақын маңындағы учаскелерде авариялық-құтқару операцияларын жүргізу кезінде 160 адам, оның ішінде 52 бала құтқарылды.

Барлық бағыт бойынша азаматтар мен автокөліктерді эвакуациялауды жүзеге асыратын жоғары өтімді техника (Кунг, Трэкол) патрульдеу жүргізді. Жол полициясы бекеттер қойды.

Қала бойынша аялдамаларда автобустарды күтіп тұрған азаматтарды жеткізу үшін 25 жергілікті вахташы жұмыс істеді.

«Блок-бекеттерде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері полиция департаментімен бірлесіп тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

112 желісіне 2175 қоңырау келіп түсті. Сондай-ақ, 29 наурыз күні сағат 18:20-дан бастап 30 наурыз сағат 6.00 аралығында қатты жел, боран салдарынан болған жағдайлар бойынша 18 хабарлама тіркелді, оның ішінде: ағаштардың құлауы, сынған шамдар, шатыр профлистерінің бұзылуы және басқалар. Барлық жағдайлар меншік иелерінің күшімен жойылады. Қатты желдің салдарынан қалалық ауруханаларға 3 адам жүгінген, оның ішінде бір бала бар», - делінген ТЖД хабарламасында.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 40 адам және 15 бірлік техника жұмылдырылды.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарына ауа райының өзгеруін және енгізілген шектеулерді қадағалап, дауылды ескерту жарияланған жағдайда қаладан тыс жерлерге барудан бас тартып, қырағы болуға кеңес береміз.

Жел күшейген жағдайда ешқайда шықпауды кеңес етеміз. Балаларыңызға абай болыңыз, оларды қараусыз қалдыруға болмайды. Егер қатты жел кезінде көшеде болсаңыз жерасты өткелдеріне немесе ғимараттардың кіреберісіне жасырынғаныңыз жөн. Қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен өзге де заттар құлауы мүмкін.

Төтенше жағдай туындағанда «112» телефонына қоңырау шалыңыз», - деп хабарлайды қалалық ТЖД.