«Бастау»: елордалық кәсіпкер жобаның артықшылығы жайлы ой бөлісті

«Бастау»: елордалық кәсіпкер жобаның артықшылығы жайлы ой бөлісті

Елордалық тұрғын Балнұр Ахметқазиева былтыр «Бастау» жобасы арқылы жеңіп алған грантымен кәсібін дөңгелетіп отыр. Кәсіпкер өзінің бизнес идеясы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«2021 жылы «Бастау» жобасымен бес млн теңге көлемінде грант жеңіп алғанмын. Бұл жобаға қазақи нақышта, замануи түрде шығатын киімдер жайлы ұсыныс жасадым. Киімдердің үстіне әрленіп тігілген ою-өрнектерді қолмен емес арнайы аппаратпен дайындап шығарамын. Аппаратты грант қаражатына сатып алдым. Осыған дейін бір күнде бір пиджак шығарсам, қазір үш-төрт данасын әзірлеуге болады», - деді кәсіпкер.

Ол өз сөзінде барша қазақстандықты Наурыз мейрамымен құттықтап өтті.

«Барша қазақстандықты Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Отбасыларыңызге береке, табыс тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деді ол.