Алтай Көлгінов қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады

Алтай Көлгінов қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қала тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті елорда тұрғындары және қонақтары!

Сіздерді көктемнің жаңару мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Елордалықтар бұл жарқын мерекені әрдайым ерекше көңіл-күймен күтеді. Өйткені бұл мейрам береке мен игіліктің, отбасылық және мәдени құндылықтардың, адамдардың бір-біріне көмек қолын созатын халық бірлігінің символы болып саналады. Біз осы мереке аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға азық-түлік себеттерін таратуды жалғастырамыз.

Наурыз мейрамын тойлау үшін қалада, оның ішінде тұрғын алаптарында 20-дан аса орын белгіленді.

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Зор денсаулық, отбасылық береке және әрбір игілікті бастамаларыңыздың табысты болуына тілектеспін!» – деп жазды елорда әкімі.