
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, ҚР ІІМ Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, жастар, БАҚ өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Бүгін елордалық Достық үйінің алаңында мерекелік іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, бір-біріне көктемнің басталуымен және жаңаруымен құттықтады.
Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара ұйымдастырып, киіз үйлер мен алтыбақан орнатып, қазандарда наурыз көже мен палау пісірілді, сол сияқты мерекелік дастархан дайындалып, барлық қатысушыларға бауырсақтар таратылды. Қалалық ҚХА Аналар кеңесі елордалық бүлдіршіндердің тұсау кесу рәсімін ұлттық дәстүрге сай, жөн-жоралғымен өткізді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов елорда тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады.
«Наурыз – терең тарихи тамыры бар көктем мен жаңғыру күні. Біздің халқымыз оны Ұлыстың ұлы күн деп атайтыны таңқаларлық емес. Осы қасиетті сәтте адамдар бір-бірінің реніштерін кешіреді және тек жылулық тілейді. Бұл күні әдеттегідей бұлақтардың көзін ашып, ағаш отырғызады. Игі дәстүрмен қайырымдылық көмек көрсетеді. Сөйтіп, өсіп келе жатқан ұл-қызына, ұрпағына ынтымақ пен бірліктің, еңбектің мәнін түсіндіріп, санасына сіңіреді. Әрине, осынау әрбір игі істің, ата дәстүрдің астарында ғасырлар бойы сабақтастығын үзбей жеткен халқымыздың өшпес өсиеті жатыр», - деп атап өтті қала әкімінің орыбасары Берік Жәкенов.
Сондай-ақ Қазақстандағы дипломатиялық Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев барша Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, бейбітшілік пен амандық тіледі.
Этносаралық келісімді нығайтуға елордалық Ассамблея қомақты үлес қосуда.
Барлық этномәдени бірлестіктер үшін ортақ үйге айналған Достық үйі жасампаз азаматтық бастаманың, мазмұнды және үлкен тәрбие жұмысының қайнар көзі болып саналады. Шын мәнінде, кез келген мемлекеттің басты құндылығы – оның Тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде.
Мереке барысында көрермендер елордалық этномәдени бірлестіктердің экспозицияларына барып, этностардың мәдениетімен, дәстүрлерімен, ұлттық тағамдарымен танысуға мүмкіндік алды.
Қолданбалы өнер бойынша шеберлік-сыныбы өтті, онда бисермен тоқу, кесте тігу дағдылары көрсетілді.
Сондай-ақ, бес бағыт бойынша ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды: бұқа тартыс, асық ату, гір көтеру, қазақша күрес, қол күрес. Спорттық ойындардың жеңімпаздары қала әкімінің алғыс хаттарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Мереке барысында түрлі мәдени-ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылып және алдын ала ұйымдастырылған сурет салудан инстаграм-байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік бағдарлама этномәдени орталықтардың кәсіби ұжымдары мен көркемөнер ұжымдарының концерттік қойылымдарымен жалғасты.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, ҚР ІІМ Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, жастар, БАҚ өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.