
Елорданың «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Отбасы – мемлекеттің негізі» пилоттық жобасының тұсаукесері өтті. Оған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев және басқа да уәкілетті органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Отбасы – мемлекеттің негізі» – кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты мекемелерімен ажырасудың алдын алу мақсатын көздейтін бірлесіп жасаған жобалардың бірі. Бұл жоба неке-отбасы қатынастарында туындайтын даулар кезінде консультациялық көмек көрсетуге ғана емес, сондай-ақ отбасын жоспарлауға саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.
«Біздің орталықта заңгерлер мен психологтар сияқты аясы тар мамандар жұмыс істейді, олар тегін негізде консультациялар өткізеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз Алматы аудандық сотымен «Отбасы – мемлекеттің негізі» деп аталатын пилоттық режимде бірлескен жоба әзірледік. Бұл жоба ажырасу туралы шешімге келген отбасылармен жұмыс істеуді және жанжалды жағдайларды шешуге көмектесуді және өз отбасын сақтап қалуға тырысуды көздейді», - деп хабарлады «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы КММ директоры Әсемгүл Садыр.
Пилоттық жоба аясында осы күні «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты алғашқы іс-шара да таныстырылды. Офлайн форматта ұйымдастырылған кездесуге елордалық технологиялық колледждің, Зоя Мырзағұлова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжінің студенттері, сондай-ақ Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Іс-шараға қатысушылар жастарға өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ ұрпақты дұрыс тәрбиелеу жөнінде айтты.
«Мадина QuandyQ» эксперименттік студиясының иесі Мадина Қуандық пен белгілі тігінші Жанна Бектемісова «Ана көрген тон пішер» атты тегін мастер-класс өткізді, сондай-ақ мүсінші, керамик Беназир Сұлтан қызмет алушылары мен қызметкерлері үшін «Қыш өнерінің жұмбақ күші» тақырыбында көрме мен мастер-класс ұйымдастырылды.