Елордада бизнес өкілдері Президенттің Жолдауын талқылады

Елордада бизнес өкілдері Президенттің Жолдауын талқылады

Кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бас қосып, 16 наурыз күні Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуге қатысушылар өз салаларындағы проблемаларды атап өтіп, Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыруға белсенді кірісуге дайын екендіктерін білдірді.

«Бүгін біз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауын талқыладық. Бүкіл ел болып саяси реформаларды күткеніміз рас. Кеше алда болатын реформаларды естідік. Мен қоғамдық ұйымның өкілі ретінде, әйел заты ретінде өзіміздің қауымдастыққа әсер еткен негізгі тармақтарға тоқталғым келеді. Біріншісі – Үкімет пен халық арасындағы байланыстырушы буын болатын Ұлттық құрылтай құру. Қоғамдық ұйымдар белсенді араласатын болады. Біз Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы ретінде осы құрылтайдың жұмысына белсенді кірісуге дайынбыз. Екінші мәселе – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты криминализациялау. Біздің елімізде, яғни «естуші мемлекет» ретінде бұл мәселе үнемі көтеріліп келеді. Біздің Президент осы мәселеге ерекше тоқталып, ақыры шешілетін болады. Біз бұған өте қуаныштымыз», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Баян Таукебаева.

Кездесуге қатысушылар арасында қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де болды.
«Бірінші кезекте тағы үш өңірдің қосылғаны қуантады. Егер бизнес тұрғысынан қарайтын болсақ, кәсіпкерлер палатасы жаңа үш өңірде қосымша жұмыс орындарын ашатынын, бизнес құрылатынын біліп отырмыз, бұл – дамудың жаңа нүктелері. Бұл өңірлер қазір үлкен көлемдегі инвестицияларды, инвестициялық жобаларды көбірек тартуды қажет етеді. Пандемияны ескере отырып, біз соңғы екі жыл бизнес үшін қиын болғанын білеміз, экономиканың көптеген секторлары әлі күнге дейін қалпына келе алмай отыр. Жаңа өңірлерде қосымша жұмыс орындары, мемлекеттік тапсырыс, инфрақұрылым болады, осының барлығы жалпы экономиканың даму серпініне әсер етеді», - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» КП директорының міндетін атқарушы Бейсен Жолболдиев.

«Ең бастысы, біздің еліміз супер-президенттік басқару формасынан президенттік-парламенттік формаға көшуі керек. Сайлау Парламентке мажоритарлық болуы тиіс. Менің ойымша, сол кезде көптеген партия тіркеледі, өйткені партиялар құрамы 5 мың адамға дейін жеңілдетілді. Кеше біздің Президент айтқан барлық нәрсе әр адамға және әр отбасыға әсер етеді деп ойлаймын», - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі Айгүл Рақымжанова.