«Samruk-Kazyna Trust» Саll-орталығын іске қосты

«Samruk-Kazyna Trust» Саll-орталығын іске қосты

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры call-орталығын іске қосты, оған кез келген адам жүгіне алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сұрақтарға Қор қызметкерлері жауап береді. Қорға негізінен қайырымдылық көмек алу үшін өтінім беру жөнінде жүгінуге болады. Сондықтан, бірінші кезекте, сall-орталыққа жүгінгендерге өтінімді қалай дұрыс беру керектігі, ол үшін қандай құжаттар пакеті қажет екені және алгоритмді кезең-кезеңімен түсіндіру жөнінде консультация беретін болады.

Сall-орталық нөмірі: +7 (7172) 57-68-98.

Сall-орталықты іске қосу Қордың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамалардың бірі болып саналады.

2021 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қоры денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, бұқаралық спорт, мәдениет және өңірлерді дамыту салаларында 30-дан астам ірі әлеуметтік жобаны іске асырды. Бұл жобалардың көпшілігі Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылады. Нәтижесінде жарты миллионға жуық қазақстандыққа көмек көрсетілді. Осы мақсатта сall-орталық іске қосылды.

Сall-орталық кешкі сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін) жұмыс істейді.

Сондай-ақ, мына пошта арқылы да жүгінуге болады: info@sk-trust.kz.