Елордада «Тілегім – тіл мерейі» атты кеш өтті

Елордада «Тілегім – тіл мерейі» атты кеш өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Оразкүл Асанғазықызының 70 жасқа толуына орай «Тілегім – тіл мерейі» атты кеш өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты кешке елімізге белгілі азаматтар, мәдениет саласында еңбек еткен ардагерлер, сол сияқты Оразкүл Асанғазықызымен қызметтескен болған жандар қатысты.

«Мемлекет қайраткері, белгілі тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызының 70 жылдығына орай арнайы тағылымды кеш өткізіп отырмыз. Ол кісі саналы ғұмырын елордамыздың, ана тіліміздің дамуына арнап келеді. Елордамыздың Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болып сегіз жыл, одан кейін қалалық тілдерді дамыту басқармасында алты жыл қызмет еткен. Сол сияқты Парламент қабырғасында жүріп, елдің көкейінде жүрген өзекті мәселелердің шешілуіне, әсіресе ана тіліміздің дамуына үлкен үлес қосқан», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Кеш барысында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры әртістерінің қатысуымен театрландырылған көрініс қойылды. Сол сияқты Бағдат Сәмединова, Сәуле Желдібаева, Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева сынды әншілер өнер көрсетеді.