
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Наз» мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі Қадиша Ағымбаева еліміздің барша қыз-келіншектерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Әйел адам бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін қасиетке ие. Нәзік жандылар үй шаруасын да, қызметті де қатар алып жүре алады. Бұл ең алдымен мемлекеттің бізге жасап жатқан қамқорлығы деп айтуға болады. Мемлекет бізге жасап отырған жағдайдың арқасында осындай үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз», - деді Қадиша Ағымбаева.
Ол өз сөзінде еліміздің барша қыз-келіншектеріне арнаған тілектерін былайша жеткізді.
«Құрметті әжелер, аналар, арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ең бастысы денсаулықтарыңыз мықты болсын! Отбасыларыңызға береке мен бірлік тілеймін! Әр уақытта жүздеріңіз, жандарыңыз жадырап, құлпырып жүрсін!» - деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Наз» мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі.