
Елордада қоғамдық тәртіпті сақтау, қала тұрғындарының құқығын қорғау саласында нәзік жандылардың үлесі аз емес. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Жазира Дүйсетаева барша қыз-келіншектерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Ішкі істер органдарында 2008 жылдан бастап қызмет етіп келемін. Қазіргі уақытта қоғамда әйелдердің рөлі зор өзгерістерге ұшырады деп есептеймін. Полиция қызметкерлері қатарында нәзік жандылардың үлесі аз емес. Күн-түн демей ер адамдармен қатар қызмет етіп келеміз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Жазира Дүйсетаева.
Ол барша қыз-келіншектерге тілектерін былайша жеткізді:
«Құрметті, қыз-келіншектер! Сіздердің көктемнің керемет мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге денсаулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан осы өмірге жылу беріп, сәнін кіргізіп, мейірім төгіп жүре беріңіздер!» - деді ол.