«Аналар барда әлем әр уақытта жап-жарық» – Гүлмира Жакилина

«Аналар барда әлем әр уақытта жап-жарық» –  Гүлмира Жакилина

Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актрисасы Гүлмира Жакилина барша қыз-келіншектерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл театрда бес жылдан аса уақыт қызмет етіп келемін. Өнер саласында жүргеннен кейін кино мен театрды қатар алып жүру керек. Бұл біздің жұмысымыздың ерекшелігі деп айтуға болады. Ана деген бір қолымен әлемді, екіншісімен әлемді тербетеді.

Халықаралық әйелдер күні мерекесімен барша қыз-келіншектерді құттықтаймын! Ең бастысы деннің саулығын, бастың амандығын тілеймін! Аналар барда әлем әр уақытта жап-жарық. Мерекелеріңіз құтты болсын! Әр күндеріңіз арайлап атсын! Сіздерге бар жақсылықты тілеймін!» - деді Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актрисасы Гүлмира Жакилина.