Елорданың денсаулық сақтау саласының ардагерлерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Елорданың денсаулық сақтау саласының ардагерлерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медицина саласының ардагерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еңбек ардагерлерін келе жатқан мерекемен құттықтап, елеулі үлесі мен жоғары дәрежелі жұмысы үшін, медицина саласының қолданысына енгізілген тәжірибесі үшін алғыс білдірді.

Мерекенің басты иелеріне «денсаулық жиынтығы» деп аталатын қорапша сыйға берілді. Онда түрлі шөп шайлары, кептірілген жемістер, бал және т.б. бар. Кездесу барысында еңбек ардагерлері жылдар бойы атқарған жұмысында бастан кешкен оқиғалары туралы айтып берді.

«Әлі есімде, Кеңес Одағы ыдырап, түсініксіз бір қорқынышты уақыт келді. Сол заманда орталықтандырылған сатып алу және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жұмысы күрт тоқтатылды. Жүйені толығымен өзгертіп, бәрін басынан қайта құру қажет еді. Сонда қант диабетімен ауыратын, онкологиямен ауыратын науқастарды емдейтін бірде-бір дәрі болған жоқ. Науқастарды емдеу үшін «көршілерден» көмек сұрадық. Бұл проблеманы өз қолымыздан келгенше шешуге тырыстық», - деп еске алады облыстық басқарманың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінде жұмыс істеген Елена Киселева.

Кездесу соңында еңбек ардагерлері денсаулық сақтау саласының қазіргі қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Басқарманың ақпаратына сәйкес, Целиноград тұсындағы қалалық медицина жүйесінің іргесін қалаған 7 медицина ардагері ғана қалды.