Жетістікке жету жолы: елордада мемлекеттік грант кәсіпкер әйелдің бизнесін дамытуға қалай көмектесті

Жетістікке жету жолы: елордада мемлекеттік грант кәсіпкер әйелдің бизнесін дамытуға қалай көмектесті

Жыл сайын республикалық бюджеттен кәсіпкерлерді және олардың бизнес-идеяларын іске асыруға қолдау көрсету үшін «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаражат бөлінеді. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елорда әкімдігі мемлекеттік грант алып, өз бизнес-идеяларын жүзеге асырған кәсіпкер әйелдерінің жетістіктері туралы әңгімелейді.

Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2-5 млн теңге аралығында мемлекеттік грант алып, өз ісін табысты жүргізіп келеді. 2020 жылы осындай гранттардың бірін астаналық кәсіпкер Галина Шоенберг жеңіп алды, ол табиғи гипоаллергенді компоненттерден ойыншық шығаратын өндірісін ұлғайтты.

«Мен 2020 жылы 5 миллион теңге көлемінде грант жеңіп алдым. Бұл қаржының үстіне өзімнің жинаған ақшамды қосып, ойыншық шығаратын цех аштым. Қазір цехымыз шағын болғанмен, күн санап дамып келеміз. Өнеркәсіптік жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ тауар таңбасын тіркеу, өнімді сертификаттау жұмыстары грант қаражатына жүргізілді. Қазіргі уақытта бизнес дамуда, біз өз тауарларымызды базарларға және дүкендерге сатылымға шығардық. Себебі қолымызда өнімнің толық сертификаты бар. Сондай-ақ, халықаралық нарыққа маркетплейстер және басқа да бағдарламалар арқылы шығуға тырысамыз» , - деді Галина Шоенберг.
Оның айтуынша, бастапқыда өз ісін бастау оңайға түспепті, елордада дайындалатын қазақстандық өнімнің сапасы жоғары екенін дәлелдеу және көрсету маңызды болды. Сонымен қатар, қызметкерлердің адал және сапалы жұмысы үшін лайықты еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету қажет.

«Бір жыл ішінде екі жаңа жұмыс орнын аштым, қазір ары қарай да дамып келеміз. Көпшілік өз кәсібін бастап, идеяларын дамытса екен деймін. Өйткені Қазақстан нарығында әлі ашылмаған салалар аз емес. Бизнес-идеялар жеткілікті, олардың бәрін іске асыруға болады деп санаймын», - деп атап өтті астаналық кәсіпкер.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын республикалық бюджеттен шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін қаражат бөлінеді. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың сәуір айында онлайн режимде «Qoldau» цифрлық платформасында, ал одан бір ай бұрын қала әкімдігінің ресми сайтындағы www.gov.kz/memleket/entities/astana  «Бизнес және кәсіпкерлік» бөлімінде осы жөнінде хабарландыру жарияланады.

Толық кеңес алу үшін телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 55-69-21, 55-69-10, 55-69-03 және 55-69-16.