Елорда тұрғындары әлеуметтік мекемелердің қызметкерлеріне кәсібилігі үшін алғыс білдірді

Елорда тұрғындары әлеуметтік мекемелердің қызметкерлеріне кәсібилігі үшін алғыс білдірді

Елордалықтар ақхалатты дәрігерлерге, құтқарушыларға, полицейлерге, сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық қызметтің мамандарына кәсібилігі, біліктілігі және өз жұмысына адал қызмет етіп жүргені үшін алғыс білдіреді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Тамара Шпиляева – көпбалалы ана. Ол өзінің жеті баласының алтауын елордадағы перзентханада босанды.

«Бұл перзентханада алтыншы баламды босандым. Жалпы жеті балам бар. Бұл ең жақсы перзентхана, қызметкерлері өз саласының білікті мамандары. Кез келген адам дәрігер бола алады, бірақ бар жан-тәнімен беріліп, жанашырлықпен істеу екенің бірінің қолынан келмейді. Нағыз дәрігер кез келген жағдайға шыдамды болып келеді. Міне бұл жерде осындай мамандар жиналған. Мен әрбір медицина қызметкеріне ризамын. Олар білгенін іс жүзінде қолданады, әрбір науқастың денсаулығы үшін күреседі», – деді Тамара Шпиляева.

Елорда тұрғыны Жұмагүл Алғыс айту күні «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының қызметкерлеріне алғысын білдіреді.

«Мені балаларымнан айырды. Олармен кездесуіме мүмкіндік бермеді. Көптеген қиындықты бастан өткердім. Енді алдағы мамыр айының соңына таман балаларымды өзіммен бірге алып кететін болдым. Осы проблемада жан-жақты қолдау көрсетіп, балаларыммен қайта қосылуыма көмек берген «Жанұя» орталығының мамандарына үлкен алғысымды білдіремін. Басымды иіп, рақметімді айтамын», – деді елорда тұрғыны.