Мәдени демалыс: Нұр-Сұлтанда осы аптада қандай іс-шаралар өтеді

Мәдени демалыс: Нұр-Сұлтанда осы аптада қандай іс-шаралар өтеді

Көктемнің алғашқы күні Қазақстанда Алғыс айту мерекесі атап өтіледі. Осы мерекелік күнге орай елорданың мәдениет мекемелері бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға арналған түрлі іс-шаралар өткізуде. Осы аптада елордада көрмелер, спектакльдер, концерттер және т.б. өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, 1 наурыз күні сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония жұртшылықты Алғыс айту күніне арналған «Дала дәстүрі» халық әні бөлімінің концертіне шақырады. Бұл күні Қазақ оркестрі Аршалы аудандық мәдениет үйінің сахнасында «Сәлем саған, Туған ел» бағдарламасымен өнер көрсетеді.

3 наурызда филармония әртістері көрермендерге «Астана» концерт залында «Арулар, асыл жандар» музыкалық кешін, ал «Шалқыма» халық би ансамблі Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы мәдениет үйінің сахнасында «Есіл еркелері» концертін ұсынады.

4 наурыз сағат 11:00-де. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағылар үшін «Әлемнің жарығы» қайырымдылық концертімен классикалық және эстрадалық вокал, халық әні бөлімдерінің, «Қорқыт» этно ансамблінің әртістері өнер көрсетеді. Күндіз осы уақытта «Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік қайырымдылық музыкалық бағдарламасы «Үміт» дағдарыс орталығында ұсынылады.

Ал 5 наурыз күні сағат 15:00-де «Жан анам» классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің Халықаралық әйелдер күніне арналған концертін тамашалауға болады.

Алғыс айту күні сағат 14:00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері балаларды оңалту орталығының кішкентай пациенттеріне А.Болдиновтың «Аистенканың шытырман оқиғалары» көшпелі спектакль-ертегісі ұсынылады.

Сондай-ақ, 1 наурыз күні сағат 16:00-де елордалық қуыршақ театры жас көрермендерді Е.Жуасбектің «Ғажайып түс» қойылымына шақырады. 4 наурызда сағат 16:00-де, сондай-ақ 5 және 6 наурызда сағат 12:00, 14:00, 16:00 кезінде дәл осы сахнада халық ертегісінің желісі бойынша А. Салаеваның «Старик перекати-поле» қойылымын көрсетеді.

1 наурыз күні сағат 15:00-де «Наз» мемлекеттік би театры Халықаралық әйелдер күніне орай «Мың алғыс саған – жамағат» атты дөңгелек үстел, ал 4 наурыз күні сағат 17:00-де «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік бағдарлама өткізеді.

Музыкалық жас көрермен театры 3 наурыз күні сағат 19:00-де «Шәмші» мюзиклін көрсетеді, күндіз осы уақытта театр сахнасында «Махаббат-жүрек» музыкалық-поэтикалық спектаклі қойылады. 6 наурыз күні сағат 18:00-де көрермендер «Махаббат бар ма?» комедиясын тамашалай алады.

6 наурыз күні сағат 16:00 және 19:00-де «Nomad City Hall» сахнасында «Ауыл хикаялары» спектаклі көрсетіледі.

«Жастар» театры да мерекеден шетте қалған жоқ. Аталмыш театр бүгін сағат 19:00-де Алғыс айту күніне орай «Жібек» мюзикліне шақырады. 5 және 6 наурыз күндері кешкісін жастар Ж.Аликеннің «Күйеу бала» драмасының премьерасын ұсынады.

Нұр-Сұлтан қаласының біріккен музейлер дирекциясы да бүгін «Алғыс айту – парызым» атты мерекелік көрме өткізуде. 4 наурызда «АЛЖИР тұтқыны» Рахиль Плисецкая» (Рахиль Плисецкаяның 120 жылдығына орай) тақырыбында көрме, ал 6 наурызда «Алаш партиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан» экспозициясы ұйымдастырылады. Мұның бәрін дирекцияның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан көруге болады.

4 наурыз күні сағат 16:00-де Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында креативті индустрияны дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Әлемнің жарығы» мерекелік концерті өтеді.

Сонымен қатар, осы аптада орталықтандырылған кітапхана жүйесі 30-ға жуық іс-шара өткізеді. Елорда кітапханаларында кітап көрмелері, поэзия сағаттары, кездесулер, әңгімелесулер, мерекелік концерттер және т.б. өткізіледі.

Демалыс күндері, 5 және 6 наурыз күндері сағат 16:00-де Астаналық цирк Алматы мемлекеттік циркінің «EXCENTRIKO» шоу-бағдарламасына шақырады.

Іс-шаралардың бәрі санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өткізіледі.