Елордалық дәрігерлер сирек кездесетін патологиясы бар балаға ота жасады

Елордалық дәрігерлер сирек кездесетін патологиясы бар балаға ота жасады

Елордалық ауруханаларға еліміздің әр өңірінен келген пациенттер мен балалардың ата-аналары жиі жүгінеді. Осындай жағдайлардың бірі №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жүгінген Мещеряковтар отбасында болды. Тараздан келген кішкентай қыз қолында сирек кездесетін патологиямен дүниеге келген.

Баланың анасы Раиса Мещерякова айтқандай, бала «ерекше қолмен» дүниеге келген. Аурухананың ортопедия және оңалту бөлімінің меңгерушісі Ағабек Чикинаев балада сирек кездесетін патология бар екенін айтты, ол мұндай жағдайды 24 жыл ішінде ел бойынша үш баладан ғана көріпті.

«Мұндай патология бойынша баланың алақаны мен білегі арасында екі білезік тұрады, яғни алғашқы саусақтары, сол сияқты сүйегінің бір бөлігі болмайды. Оның 8 саусағы мен қисықтау біткен қолы болады. Ең бірінші, алдымызда емдеу жоспарын құру міндеті тұрды. Алғашқы отада қосымша өскен 3 саусақты алып тастадық, Бұл өте ауыр жұмыс – неше түрлі сіңір, тамыр бар. Бұрын бұл туралы мүлдем білмейтінбіз. Небәрі 2-2,5 см-мен шектелген анатомия әлемі қателікке жасауға мүмкіндік бермейді», - деп түсіндіреді дәрігер.
Ота жасалған қыздың анасы өңірлерде ешқандай диагноз қоя алмағанын айрықша айтып өтті. Олар тәжірибелі мамандардың алдына қанша рет барғанын білмейді.

«Біз дәрігерлерді Тараздан іздедік, бірақ ешкім көмектесе алмады. Осыдан кейін Нұр-Сұлтанға бару туралы шешім қабылдадық. Қызымның қолына қандай ауру біткенін біліп, кеңес алу үшін ғана келдік. Ал Ағабек Чикинаев бізді бірден қабылдады. Ол – бізді қабылдауға бірден келіскен, дұрыс диагноз қойған және операция жасаған жалғыз адам. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Алғыс айту күні сияқты тамаша мереке қарсаңында ақхалатты періштемізге және бөлімшенің барлық ұжымына кәсібилігі, зейінділігі мен адамгершілігі үшін алғысымды білдіргім келеді», - деп алғысын білдірді ана.

Алғашқы операция сәтті өткен болатын. Арада бір жарым жыл өткеннен кейін, ақпан айында кішкентай Оля қолын емдеп, қалпына келтіріп, келесі операциядан өту үшін доктор Чикинаевқа қайта жүгінді.

«Біз білектің деформациясын жойып, артикулярлы бетінен артық мөлшерін алып тастадық. Біздің алдымызда шынтақ буынында иілу қозғалысы пайда болу міндеті тұрды. Операция сәтті өтті. Жағдай қалыпты», - деді дәрігер.

Дәрігер атап өткендей, ақхалатты мамандардың жұмысы әрдайым эмоционалды сәттермен байланысты, мұны тіпті ата-аналардың операцияға қатты үміт артқанынан байқауға болады. Оляның анасы кешкен жағдай – солардың бірі. Ол тек жақсылықтан үміт күтіп, баласының емделіп шығуына жағдай жасайды.

«Операциядан кейін бала өз қаласына кеткен соң тиісті күтім жасалмайтын кез болады. Бүгінге дейін лас гипспен, тіпті инфекция түсіріп алған күйде келген балалар болған. Мұндай жағдайда бәрін қайтадан басынан бастау керек болады. Бұл өте қиын жұмыс. Баласына мұқият болып, күтім жасайтын ата-аналарға алғыс айтқым келеді. Олар бізбен бірге емдеу ісіне қатысады, бізге сенім артады және ең жақсысына үміттенеді!» - деп қорытындылады дәрігер.