Елордада бір түнде 16 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Елордада бір түнде 16 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Қыс мезгілінің басынан бастап елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде, тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде қар полигондарына 268 мыңнан астам жүк көлігі шығарылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

24 ақпаннан 25-іне қараған түні коммуналдық қызмет қаладан 16 мың текше метрге жуық қар күреп, шығарды, ол үшін қар полигондарына 1 274 рейс жасалды.

Бүгінде қала бойынша қар күреу жұмысына 1 000-нан аса арнайы техника мен 1 800-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды.
Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 3,5 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 268 382 жүк көлігінің көлеміне тең.