Елордада қар күреу жұмысына 1 800-ден астам жол жұмысшы шықты

Елордада қар күреу жұмысына 1 800-ден астам жол жұмысшы шықты

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Өткен түннің өзінде қар полигондарына 12 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

22 ақпаннан 23 ақпанға қараған түні қаладан 12,5 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл мыңға жуық жүк көлігінің көлеміне тең.
Бүгінде қар күреу жұмысына 1000-нан астам арнайы техника мен 1800-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік ынсандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Қыс мезгілі басталғалы елордадан 3,5 млн текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 262 227 жүк көлігінің көлеміне тең.