Елорданың ЖОО-ларында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы басталды

Елорданың ЖОО-ларында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы басталды

Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері басқармасы Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп, елордалық жоғары оқу орындарында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын бастады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында дін саласы мамандарының елорда студенттерімен кездесуі өтті.

Мұндай кездесулердің мақсаты – жастардың діни экстремизм идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру, сондай-ақ халықтың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, қазақ халқының дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттау, радикалды діни ағымдардың қауіптілігі туралы ескерту, Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының талаптарымен таныстыру.

Шараға қалалық мәслихаттың депутаты Б.Жанділдаев, қоғам белсендісі О.Сүлейменов, белгілі дінтанушы Қ.Тышхан, теолог М.Смағұлов қатысты.

«Бүгінгі дәрісте біз студенттермен сұхбаттасып, жастардың дін саласындағы білім деңгейін анықтадық. Менің ойымша, мұндай іс-шараларда біз жастармен еркін қарым-қатынас жасай аламыз және жалған діни уағызшыларға бармай-ақ, оны дұрыс ақпаратты сіңіруге үйрете аламыз», - деп атап өтті М.Смағұлов.

Кездесуге қатысушылар еліміздің дін саласындағы қазіргі ахуалы, Діни экстремизмнің алдын алу бағыттары мен проблемалары, дәстүрлі емес діни ағымдардың қызметіне қарсы іс-қимылдың нысандары мен әдістері, экстремизм мен терроризм профилактикасындағы дінтану білімі мен діни әдебиеттің рөлі мәселелерін талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, егер дін саласына қатысты сұрақтар туындаса, iKomek 109 бірыңғай call-орталығына хабарласа аласыз.