Коронавируспен ауырған елордалықтардың 70%-ынан омикрон анықталды – санитарлық дәрігер

Коронавируспен ауырған елордалықтардың 70%-ынан омикрон анықталды – санитарлық дәрігер

Коронавируспен ауырған елорда тұрғындарының көпшілігінен омикрон штамы анықталды. Сол сияқты КВИ-дің дельта нұсқасы аурудың ауыр түрі ретінде халыққа әлі де әсер етіп отыр. Бұл туралы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

«Сырқаттанушылықтың артуына байланысты жыл басында науқастардан 51 ПТР оң сынамаға секвенирлеу жүргізілді, соның нәтижесінде коронавируспен ауыратын астаналықтардың 70,6%-дан астамынан омикрон штамы анықталды, ал дельта штамы – 29,4%. Осылайша, елордада омикрон штамының айналымы басым, ал дельта штамы 29,4%-ды құрайды, бұл аурудың ең ауыр түрі өлімге әкеледі», - деді санитарлық дәрігер.

Елорданың 4 зертханасы тәулігіне 5-11 мың ПТР зерттеу жүргізеді. Осы жылдың басынан бері 295 844 зерттеу жүргізілді, оның 84 310-ы оң нәтиже берді, арасында қайталама талдаулар да бар.
Санитарлық дәрігер қалада аурудың төмендеуі, ең алдымен, халықтың ұжымдық иммунитетке ден қоюымен, вакцинацияланған тұрғындардың көп пайызымен байланысты екенін айтады.

Қазіргі уақытта қала бойынша бірінші компонент бойынша вакцинацияланғандардың саны 503 967 адам, екінші компонент бойынша 471 619 адам. Ревакцинациялауға жататындардың 73 885-і немесе 30,2%-ы екпе алды. Жалпы аурушаңдықтың 80%-ын құрайды, оның 53%-ы 25-55 жастағы адамдарға тиесілі», - деп толықтырды Сархат Бейсенова.