Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елорданың денсаулық сақтау басқармасы нысандарының басшыларымен дөңгелек үстел өткізді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
Кездесу аясында мынадай проблемалар көтерілді:
- Белгіленген үлгіге сәйкес терроризм тұрғысынан осал (ТТО) нысанның терроризмге қарсы қорғалуының паспортын әзірлеу туралы (ҚР Үкіметінің 12.11.2013 ж. № 1217 қаулысы);
- Жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша ТТО нысандарының қызметкерлерін оқытуды жүргізу туралы;
- Нысандарды қазіргі заманғы инженерлік техникалық құралдармен жарақтандыру, күзет қызметін, күзет сигнализациясы жүйесін, орталықтандырылған бақылау пультін, кіру-шығуды бақылау және басқару жүйесін, байланыс, хабарландыру жүйесін және телевизиялық бейнебақылау жүйесін нығайту туралы.
Сондай-ақ, терроризм қатері кезіндегі іс-қимыл алгоритмі және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар мен төтенше жағдайларда іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмек көрсету ісі түсіндірілді.
Кездесуге қатысушылар денсаулық сақтау нысандарын ЖБО-ға қосу мәселелерін талқылады.