
Бүгін қазақстандық олимпиадашылардың төрт жылдықтың басты ойындарына аттануына орай Астаналық саябақта мұз үстінде би билеу іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осы қыста орталық саябақта ерекше мұз айдыны орнатылды. Мұнда сырғанауға арналған әрі шамдармен, орындықтармен безендірілген орын бар. Қыстың сәнін келтіретін шырша да бой көтерген.
Ал отандастарымыз Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға өткен түнде ұшып кетті. Болашақ чемпиондарды қолдау үшін саябақ басшылығы бүгін көңілді көше биін мұз үстінде өткізеді.
Іс-шара сағат 20.00-де Орталық саябақтың (фудкорт ауданы, бас аллея) мұз айдынында өтеді. Конькимен кіру тегін.