
Соңғы күндері елордада қар көп жауды. Осыған байланысты «Астана жастары» КММ волонтерлері қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірге жалғыз тұратын зейнеткерлерің ауласының қарын тазалауға көмектесті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Қардың мол түсуіне байланысты қала әкімдігінің «Астана жастары» КММ еріктілері Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп зейнеткерлердің ауласының қарын тазалауға көмек көрсетті.
Еріктілер қолдарына күрек алып, ауласының қарын тазалап, жолын тазартты. Басты мақсат – елордамыз бен тұрғындары үшін игі іс жасау.
Еріктілердің көмегі әрқашан қарт азаматтардың көңіл-күйін көтереді, келер күніне деген сенімділігін оятады, тіпті рухани күш береді. Сол сияқты үлкен кісілерге көмек көрсету жастардың мейірімділігін күшейтуге ықпал етеді.