Елорданың коммуналды және апаттық қызметі тәулік бойғы режимде жұмыс істейді

Елорданың коммуналды және апаттық қызметі тәулік бойғы режимде жұмыс істейді

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі кезінде комуналды және апаттық қызметтің бәрі тәулік бойғы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Төтенше жағдай режимі кезінде қаланың тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін және әлеуметтік нысандардың жұмысын қамтамасыз ету маңызды. Олардың арасында мынадай коммуналды және апаттық қызметтер бар:

- Энергетика қызметі;

- коммуналды шаруашылық қызметі;

- ГСМ қызметі.

Сонымен мынадай кәсіпорындардың қызметі қамтамасыз етілген:

- «Астана-Энергия» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2, аудандық қазандықтар);

- «Астана-РЭК» АҚ (электр желілерімен қамтамасыз ету, 0,4-6-10-20-110-220 кВ);

- «Ақмола РЭК» (электр желілерімен қамтамасыз ету, 0,4-6-10-20-110-220 кВ);

- «Астана Қалалық Жарық» ЖШС (Сарыарқа ауданында көше, аула және саябақтарды жарықтандыру);

- «GorSvetGroup» ЖШС (Алматы және Есіл аудандарының көшелерін, аулаларын және саябақтарын жарықтандыру);

Апатты жағдай болғанда қызметтер тиісті орындарға хабар береді. Тиісінше жауапты қызмет мамандары апатты жағдайды реттеу үшін шақырылған орынға барады.

Сонымен қатар мынадай коммуналдық қызмет кәсіпорындары тәулік бойы жұмыс істейді: «Астана Су Арнасы», «Elorda Eco Systaem», «Астана Тазалық».

Сол сияқты мынадай ұйымдарды қамтитын ГСМ қызметі де жұмыс істейді:

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ астаналық филиалы, «Интергаз Центральная Азия» АҚ, «Астана Газ Сервис» АҚ, «Астана Газ Қызмет» ЖШС, «Коммерц Трейд» ЖШС, «LPG Distribution» ЖШС, «Автогаз Трейд» ЖШС, «City Gas Service».

Коммуналды және апатты қызметтердің жұмыс тәртібін мына жерден оқи аласыз.