Нұр-Сұлтанда сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін көшеге шығуға тыйым салынады

Нұр-Сұлтанда сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін көшеге шығуға тыйым салынады

Нұр-Сұлтанда 19 қаңтарға дейін жалғасатын төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалада коменданттық сағат 23:00-ден таңғы 7-ге дейін енгізілді. Бұл уақытта азаматтарға жақын маңдағы дәріханадан, азық – түлік дүкенінен басқа көшеге шығуға тыйым салынады.

Қалада құқықтық тәртіпті орнату және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел штаб жұмыс істейді. Полиция қаланы күзетіп, азаматтардың құжаттарын тексеретін болады.

Сонымен қатар, қала тұрғындарын адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырамыз. Бұл шаралардың барлығы азаматтардың өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.