
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері елордалық қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері тұрақты негізде көмек көрсетіп, орталықтың балаларын мерекелерімен құттықтайды, Жаңа жыл да бұл дәстүр жалғасын тапты.
"Балалар әрқашан жаңа жылдың басталуын ерекше сезіммен күтеді, олар тілектерінің орындалуына үміттенеді. Біздің Департаменттің қызметкерлері жыл сайын тәрбиеленушілерге қажетті көмек көрсетеді және алдағы уақытта да балаларды сыйлықтармен қуантады", - деп атап өтті елордалық Полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов.
Балалар өз күштерімен қонақтарға шығармашылық бағдарлама дайындады: әндер орындады, өлең оқыды, би биледі, көңілді конкурстар өткізді. Содан кейін Аяз Ата мен Ақшақармен бірге жаңа жылдық шырша жағылды.
Өз кезегінде полицейлер балаларға тәттілер мен сыйлықтар берді.
Орталық басшылығы полицейлерге көп жылғы көмегі, қамқорлығы мен қолдауы үшін зор ризашылығын білдірді.
"Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен ықыластарыңыздың арқасында балалар ең сиқырлы және көптен күткен мерекені көңілді және қуанышпен қарсы алды! Мейірімділіктеріңіз бен жақсылықтарыңыз үшін рахмет!",- деді орталық директоры Бибігүл Такисова.
Қонақтар балаларға жиі барып, сыйлықтар беріп, олардың жетістіктеріне бірге қуануға уәде берді.