Нұр-Сұлтанда балалар үйінің тәрбиеленушілерін тәтті сыйлықтармен құттықтады

Нұр-Сұлтанда балалар үйінің тәрбиеленушілерін тәтті сыйлықтармен құттықтады

Елордада балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық тәтті сыйлықтар таратылды. "Жас Сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" РҚБ астаналық филиалының "Бақытты балалық шақ" акциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және "Magnum Cash&Carry" сауда орталығының қолдауымен өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

"Мейірімділік біздің жүрегімізде, ол бізді ылғи да үлкен істерге жетелейді. Балаларды қорғау және мерекелік көңіл-күй сыйлау керектігін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының "Жас Сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Аяз Ата және Ақшақармен бірге балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады. Іс-шараға Қорғаныс министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты", – деді Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері бөлімінің басшысы Ақұлан Тастемір.

"Жас Сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" РҚБ астаналық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек жастарды тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталып өтті.

"Қазақ халқы өскелең ұрпаққа мұра болып қалатын игі қасиеттерді тәрбиелеуге ұмтылады. Жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінді. Осыған байланысты, бүгін біз балалар үйінің 61 баласын келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жақсы көңіл-күй сыйладық. Осыған байланысты "Magnum Cash&Carry" сауда орталығының басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіремін", - деп атап өтті ол.