Пиротехниканы пайдалану кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу: құтқарушылар кеңесі

Пиротехниканы пайдалану кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу: құтқарушылар кеңесі

Жаңа жыл жақындап келеді, бұл күндері пиротехникалық бұйымдар саудасы қызу жүріп жатыр. Жаңа жыл түнін мерекелік отшашуларсыз елестету мүмкін емес. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы онлайн-брифингте жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың қалай алдын алуға болатыны, пиротехниканы пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Пиротехникалық бұйымдарды пайдалана отырып, жаңа жылдық іс-шараларды қауіпсіз өткізу мақсатында құтқарушылар бірқатар қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Атап айтқанда:

- Салюттарды ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр жақын іске қосуға, ағаштардың бастырмалары мен түрлі нысандардың астына орнатуға болмайды, сондай-ақ ауа райы желді болып тұрғанда пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салынады;

- Мереке күндері қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін отшашулар мен осыған ұқсас заттарды тек мамандандырылған дүкендерден ғана сатып алу керек, бірақ оларды сақтау шарты сақталмайтын базарлардан алуға болмайды;

- Температура режимі сақталмайтын болса пиротехника қолда жарылуы мүмкін. Күмәнді өнімді сатып алмаңыз, қажетті сертификаттарды талап етіңіз және оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

«Өртке әкелуі мүмкін пиротехникалық бұйымдарды іске қосуда мыналарды есте сақтау қажет: отшашу болатын және аяқталатын күнін, орнын, уақытын, пиротехникалық қондырғыларды орналастыру схемасын, пайдаланылатын бұйымдардың сипатын өрттің алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асыруы қажет. Сол сияқты фейерверк, пиротехникалық бұйымдарды сақтау және монтаждау пунктерін ғимараттар мен құрылыстар арасындағы қашықтықты көрсете отырып, өткізу орнын анықтау қажет; фейерверктер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға жауапты адамды тағайындаған жөн», - деп хабарлады спикер.

Пиротехникалық бұйымдар іске қосылатын алаңдарда темекі шегуге және от жағуға, пиротехникалық құралдарды қараусыз қалдыруға болмайды.

Бұл ретте пиротехника іске қосу алаңдарын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен: өрт сөндіргіштермен, суы немесе құмы бар ыдыстармен қамтамасыз ету қажет.

Отшашу аяқталғаннан кейін іске қосылмай қалған заттар мен пиротехникалық зарядтардың элементтерін анықтау және жинау мақсатында мұқият тексеріледі.